Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтілуде, деп хабарлайды kazlenta.kz.
Таяудағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде Атлантикалық циклонының ықпалымен тұрақсыз ауа-райы сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ және тұман болжанады. 30 қазанда республиканың батысында қатты жаңбыр жауады, сонымен қатар жел күшейеді деп күтілуде. Температуралық режимде айтарлықтай өзгерістер болжанбайды.