Таяудағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде циклонның ықпалымен тұрақсыз ауа-райы сақталады, деп хабарлайды kazlenta.kz.
24 қазанда республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, таулы аудандарда қатты жауын-шашын күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, тұман және көктайғақ құбылыстары күтілуде. Температуралық режимде айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.