Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Республика күніне орай 130-дан астам көлік полицейі марапатталды

Республика күніне орай 130-дан астам көлік полицейі марапатталды
Фото: Polisia.kz

Республика күніне орай 130-дан астам көлік полицейі марапатталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Астанадағы Ұлттық мұражайда көлік полицейлері Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өткізді. Оған көліктегі полиция департаментінің басшылығы, жеке құрам және ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты.

Салтанатты іс-шараны құттықтау сөзімен ашқан Көліктегі ПД бастығының міндетін атқарушы Мадияр Айтуғанов: “Республика күні – бұл мереке еліміздің азаттығын айшықтайтын мереке”, – деді. Ол сондай-ақ егемендікті нығайтудағы ішкі істер органдарының ерекше рөліне тоқталып, алдағы уақытта да сақшылардың елдегі тұрақтылық пен азаматтардың тыныштығын сақтауға бар күш-жігерлерін салатынына сенім білдірді. Бұдан соң М. Айтуғанов жиналғандарды құттықтап, оларға зор денсаулық, отбасылық бақыт және қызметте табыс тіледі.

Ұлық мерекеге аранлаған іс-шара барысында М. Айтуғанов полицейлерге мемлекеттік наградаларды салтанатты түрде табыс етті. Ішкі істер министрінің және департамент бастығының міндетін атқарушының бұйрықтарымен қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін 137 қызметкер мен ардагер төсбелгілер, грамоталар және алғыс хаттармен марапатталды. Бұған қоса бірқатар қызметкерлерге мерзімінен бұрын арнайы атақтар берілді. Солардың қатарында ІІО-да 30 жылға жуық еңбек еткен Шымкент станциясындағы желілік полиция бөлімінің бастығы Нұрлан Қошқарбеков те бар. Оған полковник шені табысталды.

Мерекелік іс-шараның соңы ән-күйге ұласты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді