Абай облысында Республика күніне орай 200-ден астам шара өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған kazlenta.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысында Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынған еді. Сөйтіп осы жылдың қыркүйек айында тиісті заңға қол қойылды. Енді Республика күні Ұлттық мерекелер тізіміне енгізілді.
Осы орайда Абай облысында Республика күнін мерекелеуге дайындық қарқынды жүріп жатыр.
«Жалпы өңір бойынша 200-ден астам шара өткізу жоспарланған. Оның ішінде салтанатты және мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу көзделіп отыр. Мереке күні облыстың орталық алаңдарында, саябақтары мен скверлерінде жаппай жәрмеңкелер, көрмелер, мерекелік концерттер ұйымдастырылады, - деді Абай облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Садырбаев.
Сондай-ақ бірқатар нысан ашылып және жаңа пәтер иелеріне баспана кілттері табысталмақ.