Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада Республика күніне орай отшашу болады

25 қазан Республика күніне орай елордада мерекелік отшашу болады. Толық қойылым шамамен 10 минутқа созылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz

Әкімдіктің хабарлауынша, Астанада Республика күніне орай болатын мерекелік отшашу демеушілік есебінен ұйымдастырылады. Отшашу 25 қазан күні сағат 21:00-де екі нүктеден: Атырау көпірінің жанындағы аумақтан (қала жағалауы) және ботаникалық бақтан басталады. Отшашудың ұзақтығы шамамен 10 минут, ал атылатын отшашу саны – 3,5 мың. Сонымен қатар, қала тұрғындары мен қонақтары үшін мерекеге орай 200-ден астам түрлі іс-шаралар өткізу жоспарланған, оның ішінде түрлі концерттер, көрмелер, еңбек ардагерлерімен кездесулер, театр фестивалі мен атқа міну.

"Мереке аясында елордада және әр ауданда түрлі салаға еңбегі сіңген қайраткерлер, еңбек ардагерлері, ерлік көрсеткен азаматтар және т.б. марапатталады. Сонымен бірге мереке күні ауданда тұрғын үйлер мен басқа да нысандар пайдалануға беріледі", – деп толықтырды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Алматы қаласында да Республика күнін мерекелеу отшашумен аяқталады. Еске салайық, 29 қыркүйекте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев заңға қол қойған болатын, оған сәйкес 25 қазан Республика күні мемлекеттік мереке мәртебесін қайтадан алды. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты