Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбыл облысында түнгі рейд кезінде полицейлер 190 кг қарасора тәркіледі

Жамбыл облысында түнгі рейд кезінде полицейлер 190 кг қарасора тәркіледі
Фото: polisia.kz

Жамбыл облысының құмды аймақтарында түнгі рейд кезінде полицейлер 190 кг қарасора тәркіледі, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

“Қарасора – 2024” республикалық арнайы операциясы аяқталуға жақындады. Еліміздің оңтүстік аймақтарында полиция қызметкерлері тәулік бойы құмды жерлерді тексеріп, есірткі дайындаушыларды анықтайды.

– Есірткі күресуші сақшылар Ұлттық ұланның “Бүркіт” арнайы бөлінісімен бірлесіп, шалғай аудандарды жаяу патрульдеуге шығады, – деді ведомствода.

Осындай тексерулердің бірінде ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері Шу ауданының Алға ауылынан 25 шақырым жерде жабайы қарасора өсірген Шу қаласының тұрғынын ұстады.

Сараптама тәркіленген өсімдіктің қарасора екенін көрсетті. Оның жалпы салмағы 188 келіден асқан.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.

“Қарасора – 2024” арнайы операциясы кезінде полицейлер барлығы 597 есірткі қылмысының жолын кесті, оның ішінде 178 өткізу фактісі, 113 есірткі сақтау фактісі бар.

Заңсыз айналымнан 16 тоннадан астам есірткі тәркіленді, оның ішінде 13 тонна кептірілген марихуана, 3,6 тонна прекурсор, 83 кг синтетика, 48 кг гашиш, 20 мыңға жуық қарасора бұталары, 76 апиын көкнәр бұталары бар.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді