Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбылдық тұрғын жабайы қарасораны жинау кезінде ұсталды

Жамбылдық тұрғын жабайы қарасораны жинау кезінде ұсталды
Фото: polisia.kz

Жамбылдық тұрғын жабайы қарасораны жинау кезінде ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жамбыл облысының Меркі ауданында жабайы қарасора жинау кезінде полицейлер 42 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Жедел-іздестіру операциясы “Қарасора-2024” алдын алу іс-шарасы барысында өткізілді.

Жақын маңдағы аумақты тексеру кезінде күдікті орып дайындаған жабайы қарасора тәркіленді, сондай-ақ орақ табылды.

Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес барлығы 39 келі 700 гр кептірілген марихуана, 22 келі кептірілмеген марихуана (жалпы салмағы 61 келі 700 гр) тәркіленді.

Ұсталған адам өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ол бұрын осындай қылмыстар жасағаны үшін сотты болған.

– Күдікті түнде сағат 23:50-де ұсталды. Негізінен есірткі сатушылар түнде жұмыс істейді. Сондықтан біз тоқтаусыз режимде жұмыс жасаймыз. Әсіресе қарасораның қаулап өсіп тұрған кезеңінде демалыс жоқ. Күдіктіге қатысты аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтағаны үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – деп пікір білдірді облыс ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді