Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

БҚО полицейлері мыңнан астам вейп тәркіледі

БҚО полицейлері мыңнан астам вейп тәркіледі
Фото: polisia.kz

Орал қаласының полицейлері 1099 вейп және оған арналған 1300 сұйықтық тәркіледі, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Орал қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел-іздестіру тобы “Қарасора” жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Telegram мессенджері арқылы вейп және оларға арналған сұйықтықты таратумен айналысқан 25 жастағы Орал қаласының тұрғынын ұстады.

Ол вейптерді курьер арқылы жеткізген. Вейп қоймасы қаладағы алкомаркеттердің бірінде табылған.

Тексеру кезінде одан 1099 вейп және 1300 сұйықтық табылып, тәркіленді. Тәркіленгендердің құны 10 млн теңгеден асады.

Сонымен қатар полицейлер сатуға тыйым салынған электронды темекіні заңсыз сатумен айналысқан облыс орталығының екі тұрғынын ұстады. Жеке тінту кезінде 10 электронды темекі және 1 қорап шегілетін сұйықтық табылып, тәркіленді.

Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Telegram канал арқылы сатуға тыйым салынған электронды темекілерді заңсыз сатумен айналысқан такси жүргізушісін ұстады.

Одан 8 электронды темекі тәркіленді.

Жоғарыда аталған фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Шегілмейтін темекі өнімдерін, вейптерді, хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сатуға, таратуға, сондай-ақ оларды жарнамалауға тыйым салу туралы Заң күшіне енген күннен бастап, БҚО полицейлері 1200 вейп пен 1500-ден астам сұйықтық тәркіледі.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді