Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да полиция қызметкерлері вейп сатқандарды ұстады

СҚО-да полиция қызметкерлері вейп сатқандарды ұстады
Фото: polisia.kz

Солтүстік Қазақстанда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мақсатты жедел-іздестіру іс-шаралары барысында заңсыз вейп сатумен айналысқан күдіктілерді анықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Петропавл қаласы Жұмабаев көшесіндегі үйдің ауласында 24 жастағы қала тұрғыны мен Қызылжар ауданының 26 жастағы тұрғыны ұсталды. Қала тұрғынына тиесілі Mazda автокөлігінен 26 вейп тәркіленді. Полицейлердің айтуынша, жастар бұл өнімдерді Telegram арқылы сатқан.

Осы қылмысқа қатысы бар күдікті 18 жастағы Петропавл тұрғыны Lada автокөлігімен қала ішінде келе жатыр деген ақпарат алды. Кейін ол Пушкин көшесіндегі үйлердің ауласында ұсталды. Полиция қызметкерлері көліктің жүк салғышынан 154 вейп тәркіледі.

– Шегілмейтін темекі өнімдерінің, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейп), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Еске салайық, вейптердің айналымына тыйым салу осы жылы енгізілген болатын. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 301-1-бабының санкциясына сәйкес күдіктілерге 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұлдан 50 тәулік мерзімге қамауға алуға дейін жауапкершілік қарастырылған, – деді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Рахат Нұрахметов.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді