Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

40 мың теңге үшін 10 жылға сотталды: СҚО-да есірткі таратушыға үкім шықты

40 мың теңге үшін 10 жылға сотталды: СҚО-да есірткі таратушыға үкім шықты
Фото: polisia.kz

СҚО-да полиция қызметкерлері ұстаған есірткі таратушыға үкім шықты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Сәуір айының басында 22 жастағы петропавлдық жеңіл ақша табамын деп есірткі сатумен айналысатын интернет-дүкенде жұмыс істей бастаған. Бір айға жетер-жетпес уақытта оның бұл “жұмысы” 40 мың теңге табыс әкеліпті. Алайда көп ұзамай есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жас жігітті осындай кезекті әрекетін іске асырып жатқанда қолға түсірді.

Жеке тінту кезінде одан синтетикалық есірткі салынған түйіншектер табылды. Кейін жауап алу нәтижесінде қаланың шеткері аудандарында және саяжай қоғамдастықтарының бірінде есірткі жасырған орындар анықталды. Жалпы салмағы 14,92 грамм болған α-PvP есірткісі және 22,15 грамм мефедрон тәркіленді.

– Электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы өткізу мақсатында аса iрi мөлшерде есірткі сақтау фактісі бойынша қаралған тергеу материалдары сотқа жіберілді. Сот жігітті кінәлі деп тауып, 10 жылға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енді. Жыл басынан СҚО-да есірткі өткізгені үшін 25 жасқа дейінгі 25 адам сотталды. Олардың қылмыстық әрекеті орташа есеппен алғанда 3 айдан аспайды. Есірткі өткізу бас бостандығынан айыруға әкеп соғатынын естен шығармауды сұраймызі, – дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Сапаров.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді