Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да полицейлер ұстаған жасөспірім бас бостандығынан айырылды

СҚО-да полицейлер ұстаған жасөспірім бас бостандығынан айырылды
Фото: polisia.kz

СҚО-да полицейлер ұстаған жасөспірім бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі  Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

“Жеңіл ақша” таппақ болған солтүстікқазақстандық жас жігіт 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол есірткі сатумен айналысатын интернет-дүкенде жұмыс істеген. Бірақ бұл ісі көпке созылмады.

Колледждердің бірінің 17 жастағы оқушысын СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері өткен жылдың қараша айында ұстады. Жеке тінту кезінде жасөспірімнен 50 гр. болатын аса ірі көлемдегі “α-PvP” есірткісі тәркіленді.

Ұсталған жігіт тергеу барысында белсенділік танытып, барлық сұрақтарға жауап беріп отырды. Осы жылдың сәуір айында үкім шығарылған кезде ол 18 жасқа толмаған болды. Осыны ескере отырып, сот жазаны қысқарту туралы шешім шығарды. Соған қарамастан, қылмыскер жастық шағының 5 жылын бас бостандығынан айыру орындарында өткізеді. Үкім заңды күшіне енді.

– Өткен жылы осындай жолмен отандастарымыздың өмірі мен денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін екенін ойламастан оңай олжаға кенелуді жоспарлаған кәмелетке толмаған бес жасөспірім ұсталды. Орташа есеппен есірткі жасырушылар үш айға дейінгі мерзімде ғана жұмыс істеп үлгереді. Аса ірі көлемде есірткі өткізу үшін заңнамамен 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, – дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Руслан Үмбетов.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады