Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Полиция Петропавл тұрғынынан “синтетиканың” ірі партиясын тәркіледі

Полиция Петропавл тұрғынынан “синтетиканың” ірі партиясын тәркіледі
Фото: polisia.kz

Полиция Петропавл тұрғынынан “синтетиканың” ірі партиясын тәркіледі, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 39 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ол синтетикалық есірткі таратумен айналысатын интернет-дүкендердің бірінде буып-түюші болып жұмыс істеді деген күдікпен ұсталды.

Оны ұстаған кезде қалтасынан, жалдамалы пәтердің дәретханасы мен жатын бөлмесінен, өзі есірткі жасырған орындардан ішінде ұнтақ тәрізді зат салынған шағын қалташалар мен түйіншектер табылды. Сараптама нәтижесі тәркіленген заттардың жалпы салмағы 227,97 грамм α-PvP синтетикалық есірткі және 57,57 грамм мефедрон екенін көрсетті. Сондай-ақ электрондық таразы, орауға арналған материал мен есірткіні буып-түюде қолданатын басқа құралдар тәркіленіп алынды.

– Күдіктінің өзі есірткіге тәуелді, бұрын есірткі сақтағаны үшін істі болған. Алғашқы қылмыстық жазасынан сабақ алмаған. Қолда бар ақпаратқа сәйкес ол буып-түюші болып 3 ай жұмыс істеп үлгерген. Енді аса ірі көлемде есірткі өткізгені үшін ол ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, – дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Сапаров.

Жыл басынан жедел жұмыстардың нәтижесінде полицейлер СҚО аумағында 2 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіледі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды