Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Петропавлда 25 жастағы қыз есірткі қойып кетуді ұйымдастырған

Петропавлда 25 жастағы қыз есірткі қойып кетуді ұйымдастырған
Фото: қармақшы таңы

Петропавлда 25 жастағы қыз есірткі қойып кетуді ұйымдастырған, – деп хабарлайды kazlenta.kz Polisia.kz. сайтына сілтеп.
СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Петропавл қаласының 25 жастағы тұрғынына қатысты материалдарды сотқа жіберді. Ол 2022 жылдың қазан айында көпқабатты үйдің ауласында такси көлігінде келе жатқан жерінде ұсталды. Автокөліктен кристалл тәрізді зат салынған 40 түйіншек тәркіленіп алынды, ол “тұз” деп аталатын синтетикалық препарат болып шықты. Жалпы салмағы 20 грамды құрады. Бұл аса ірі мөлшерге жатады. Тағы 0,5 грамм “тұз” салынған бір түйіншек тұрғылықты мекенжайынан тәркіленді.
– Тергеу қыздың есірткі таратумен айналысатын интернет-дүкендердің бірімен байланысын анықтады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа жіберілді. Естеріңізге сала кетейік: баптың санкциясымен 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген, – дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Иван Терзиди.
 


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады