Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО полицейлері ресейлікке туысын табуға көмектесті

СҚО полицейлері ресейлікке туысын табуға көмектесті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстікқазақстандық полицейлердің атына азаматтардан алғыс хаттар келіп түсуде.

53 жастағы бауырының бірнеше ай бойы қайда жүргенінен бейхабар болған РФ тұрғыны алғысқа толы хат жолдаған.

– Туысымызды іздестіруде кәсібилік танытқандары және адамгершіліктері үшін отбасымыз Тайынша ауданының ПБ бастығы Нұрлыжан Ақтановқа, полиция майоры Фархад Есімовке және басқа да қызметкерлерге алғыс білдіреміз, – делінген СҚО Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаевтың атына келген хатта.

Нәпақасын табуға Тайыншадан Қарағанды облысына кеткен ер адам телефонын жоғалтып алып, туыстарымен хабарласпаған. Мән-жайды анықтау үшін полицейлердің бір апта бойы түрлі қызметтерге, жоғалған тұлғаның тағдыры жайлы хабардар болуы ықтимал деген ондаған адамдарға қоңырау шалуына тура келді. Ақыры тайыншалықтың жүрген жері анықталды, ол туыстарымен хабарласып, амандығын айтты.

– Туыстық байланысын жоғалтқан адамдарды іздестіру көші-қон қызметі қызметкерлерімен дәл осылай, жұмыс кабинетінен шықпай жүргізіледі. Қиын да жауапты жұмыстың нәтижесі – қиын жағдайға душар болғандардың мәселесінің шешілуі, – дейді аудандық ПБ бастығы Нұрлыжан Ақтанов.

СҚО ПД Instagram аккаунтына соңғы кезде петропавлдықтардан үш хабарлама келіп түсті. Онда адамдар жасалған ұрлықтарды “ізін суытпай” ашқандары үшін Петропавл қаласының ПБ Екінші ПБ жедел-тергеу тобына алғыс білдірген. Үш жағдайда да жедел-тергеу тобы құрамында аға жедел уәкіл Асқар Омаров болған. Ол – органдарда 10 жылдық өтілі бар, жүздеген қылмыстарды ашқан тәжірибелі қызметкер. Жүк көлігінен ұрланған шелек, базардан ұрланған тауарға арналған сөре, подъезден ұрланған құны 40 мың теңге тұратын балалар арбасы – барлық ұрланған заттар сол күні иелеріне қайтарылды.

Облыстық полиция ведомствосының басшысы Марат Төлебаев адамдардың алғыстары қоғам мүддесі үшін және құқықтық тәртіпті сақтаудағы істерінде қызметкерлерді одан әрі ынталандыра түсетінін атап кетті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Мультимедиа
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады