Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматылық полицейлер суицидтің алдын алды (видео)

Алматылық полицейлер “WhatsApp-қа” келген хабарлама арқылы суицидтің алдын алды, деп хабарлайды Polisia.kz.


Учаскелік полиция қызметкерінің телефонына сеніп тапсырылған аумақтағы пәтерлердің бірінде тұрғындардың бірінің өзін-өзі өлтіруге дайындалып жатқандығы туралы хабарлама келіп түскен.


Оқиға орнына дереу барған учаскелік полиция қызметкерлері ер адамның өзіне қол жұмсауының алдын алды.


– Хабарламаны жіберген өзін-өзі өлтірмекші болған адам. Хабарламада көрсетілген мекенжай бойынша жүгіріп келген қызметкерлерге пәтер есігін ешкім ашпаған. Содан кейін полиция қызметкерлеріне пәтерге терезе арқылы кіруге тура келді. Ер адам арқанды дайындап, өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Онымен әңгімелесу барысында инспекторлар оның депрессивті көңіл-күйде екенін және жалпы денсаулық жағдайының бірқалыпты еместігін байқап, оқиға орнына дәрігерлерді шақырған, олар ер адамды қосымша тексеру үшін алып кетті. Сондықтан жергілікті полиция қызметкерлерінің телефон нөмірлерін білу өте маңызды. Менің “Facebook” парақшамнан желі қолданушылары ауданымыздағы учаскелік полиция инспекторларының барлық байланыс деректерін көре алады. Азаматтар кез келген уақытта олардан көмек сұрай алады, – деді Алатау аудандық Полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді