Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында жоғалған жасөспірім Қызылордадан табылды

Қызылордалық полицейлер Алматы облысында жоғалған жасөспірімді тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.


18 желтоқсанда сағат 15:30 шамасында Алматы облысының ПД Жамбыл аудандық полиция бөліміне Қарасай ауданының тұрғынынан 12 жастағы баласының Үшбұлақ ауылындағы ата-әжесінің үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағаны жөнінде хабарлама түскен.

Алматы облысының полицейлері жоғалған жасөспірім туралы бағдарды Қазақстанның барлық өңірлеріне, шекаралас аумақтардағы полиция бекеттеріне таратқан.


Алматылық әріптестерінен келіп түскен бағдар бойынша іздестіру жұмыстарын бастаған Қызылорда облысы Полиция департаментінің ювеналды полицейлері 21 желтоқсан күні кешкі сағат 20:45 шамасында Қызылорда қаласы Жаппасбай батыр көшесінің бойында ата-анасының еріп жүруінсіз жүрген бір жасөспірімді байқаған.


Тексеру барысында оның іздеуде жүрген жасөспірім екендігі белгілі болды.


Қызылорда қалалық Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторы Мурат Байназаров жасөспірімді Қызылорда облыстық Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырды.


<!--more-->Қазіргі уақытта полицейлер жоғалған жасөспірімнің ата-анасымен хабарласып, олардың облыс орталығына келуін күтуде. Бұған қоса бұл оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталуда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады