Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ШҚО-да “Кибер-шериф” құрылғысы іске қосылды

ШҚО-да “Кибер-шериф” құрылғысы іске қосылды
Фото: polisia.kz

ШҚО-да полицейлер тесттік режимінде облыс әкімдігінің қолдауымен алынған “Кибер-шериф” құрылғысын іске қосты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Құрылғының басты ерекшелігі – кең функционалдылық. Ол қоршаған ортаны бейнетіркеу, көлік құралдарының қозғалыс жылдамдығын өлшеу бойынша қажетті функционалды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ “Кибер-шериф” оқылмайтын мемлекеттік нөмірлерді айтарлықтай қашықтықта тани алады және аймақтағы көліктерді, мысалы, ұрланғандарды да жаза алады. Сонымен қатар кешен қарсы келе жатқан машиналарда сақтандыру мен техникалық байқаудан өткендігін автоматты түрде тексереді.

Айта кетейік, “Кибер-шериф” бір уақытта 50-ге дейін құқық бұзушылықты тіркей алады.

Бұдан басқа, Шығыс Қазақстан облысының тәртіп сақшылары облыстың тасжолдарының апатты учаскелерінде ЖКО-ның алдын алу мақсатында арнайы пилотсыз ұшу аппараттарын қолдана отырып, жасырын патрульдеуді қолданады.

– Дрон қарсы қозғалыста жүруді ұнататын, жол белгілерін, маневр жасау ережелерінің талаптарын бұзатын жол жүрісі қағидаларын бұзушыларды және апатты жағдай туғызатын жүргізушілерді анықтауға көмектеседі,- деп атап өтті ШҚО ПД ЖПҚБ бастығы Нұриев Талғат.

Дронды басқару мониторында тұрған инспектор радиостанция арқылы тәртіп бұзушы туралы барынша толық ақпаратты береді, соның нәтижесінде жақын маңдағы патрульдік бригада сигналға дереу жауап беріп, оны ұстау шараларын қабылдайды.

Құрметті жол қозғалысына қатысушылар, өз өміріңізді және басқа жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндірмеңіз! Жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтаңыз!

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі