Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодар облысында борышкер жүргізушілерден 22 млн теңге өндірілді

Павлодар облысында борышкер жүргізушілерден 22 млн теңге өндірілді
Фото: polisia.kz

Павлодар облысында “Борышкер” ЖПІШ барысында борышкерлерден 22 млн теңгеден астам қаражат өндірілді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жол ережесін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ құқық бұзушылар арасында орындалмаған жаза үшін жазаның бұлтартпаушылық қағидатын сақтау мақсатында өңір аумағында “Борышкер” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

– Жүргізілген жұмыс нәтижесінде борышкер жүргізушілерден 22 млн теңгеден астам қаржы өндірілді. “Кибер-Шериф” аппараттық-бағдарламалық кешені мен “Қорғау” жүйесін қолдана отырып, жүргізушілердің қарыздары болған 155 көлік құралы анықталды. Жүргізушілері айыппұл төлеуді елемеген 9 автокөлік арнайы тұраққа қойылды, – деді Павлодар облысы ПД әкімшілік полициясының бастығы Борис Әлімбаев.

Мысалы, тәртіп сақшылары Lada Granta көлігін айыппұл тұрағына қойды, оның иесі 200 мың теңгеден астам айыппұл төлемеген және иесіне 400 мың теңгеден астам айыппұл салынған Jaguar CCX көлік де айып тұрағына қойылды. Енді иелері қарыздарын толық өтегеннен кейін ғана көліктерін ала алады.

Полиция департаменті азаматтардан әкімшілік айыппұлдардың бар-жоғын тексеруді және осындай жағдайларды болдырмау үшін заңда белгіленген мерзімде бар қарыздарын өтеуді сұрайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды