Патрульдік автомобильдерге орнатылған “Кибер-шериф” борттық аппараттық-бағдарламалық кешендері өткен жылы СҚО-да сынақтан өтті. Наурыз айының ортасынан бастап олар Солтүстік Қазақстан облысының трассаларында жұмысын қайта бастады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ал жазғы демалыс жақындаған кезде полицияның “электронды көздері” Петропавл көшелерін де бақылауға алды.
Полицейлердің мақсаты – жүргізушілердің тәртібін арттыру және қозғалыс қатысушыларының, ең алдымен, ең кішкентай азаматтардың қауіпсіздігін нығайту. Оқу орындары, стадиондар, оқушылар сарайы және басқа да орындар ерекше назарда.
Патрульдік көлікте орнатылған “ақылды бейнекамералар” жылдамдықтың асып кетуін тіркейді және мемлекеттік нөмірлерді іздестіру базалары бойынша тексереді. Айыппұл төлеу туралы бұйрық автоматты түрде жасалады. Адам факторының жұмыс нәтижесіне әсері алынып тасталады. Сондай-ақ “Кибер-шериф” қызметтік автокөліктің салонындағы жағдайды бейтарап түрде тіркейді.
– Мұның бәрі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін де, қателік ықтималдығын да азайтады. Қазіргі уақытта СҚО-да осындай екі кешен жұмыс істейді. Наурыздан бастап олар жылдамдық режимінің бұзылуына қатысты 900 деректі тіркеді. “Кибер-шерифтердің” санын көбейту жоспарда бар, – дейді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.