Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Маңғыстауда “Кибер-шериф” жүйесінің көмегімен 2500-ден астам құқық бұзушылық тіркелді

Маңғыстауда “Кибер-шериф” жүйесінің көмегімен 2500-ден астам құқық бұзушылық тіркелді
Фото: polisia.kz

Маңғыстауда “Кибер-шериф” жүйесінің көмегімен 2500-ден астам құқық бұзушылық тіркелді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының ұйымдастыруымен “Қорғау – қауіпті жүргізуші” арнайы құрылғысымен жұмысты дамыту әрі нығайту, патрульдеу барысында кездесетін мәселелерді шешу мақсатында жиын өткізілді.

Кездесуге облыстық ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Т.Селбаев, патрульдік полиция батальоны және Мұнайлы ауданы полиция бөлімі ППР командирлері мен орынбасарлары, сондай-ақ “Sergek Mangystau” филиалының директоры Р.Абилхаиров қатысты.

“Қорғау – қауіпті жүргізуші” арнайы жүйесі патрульдік полицейлердің қызметтік планшеттеріне 2023 жылдың тамыз айынан бастап орнатылып, бүгінгі таңда орын алған әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтап, жауапкершілікке тарту бағытында жұмыс жасап тұр. Сонымен қатар облысымызда автөлік құралдарының жылдамдықты асыру дерегін автоматты түрде анықтап, жол сақшыларына сол мезетте дабыл беру арқылы хабарлайтын “Кибер-шериф” құрылғысы да жол қозғалысын ұдайы бақылауда ұстайды.

Мәселен, қаңтар айынан бастап қазіргі уақытқа дейін өңірімізде “Кибер-шерифтің” көмегімен барлығы 2545 әкімшілік құқық бұзушылықтар тіркелді. Белгіленген жылдамдық режимін шамадан тыс асырған жүргізушілерге 30 млн. теңгеден астам айыппұл салынды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады