Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Полиция мал ұрлығымен айналысқан адамдар тобын ұстады

Полиция мал ұрлығымен айналысқан адамдар тобын ұстады
Фото: polisia.kz

Түркістан облысы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Сарыағаш ауданының аумағында мал ұрлығымен айналысқан адамдар тобының қылмыстық әрекетін тоқтатты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 3 күдіктіні ұстады. Олардың біреуі сатып алушы болған. Олардың барлығы мал ұрлығының 3 фактісіне қатысы бар Сарыағаш ауданының тұрғындары. Жалпы шығын көлемі 1,5 миллион теңгеден асты.

Мәселен, осы жылдың жазында күдіктілер оңай пайда табу мақсатында жергілікті тұрғынның ауласына кіріп, қорада тұрған жылқысын ұрлап кеткен. Содан кейін олар ұрланған жылқыны сатып алушыға өткізіп, ал ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Тінту кезінде полиция ұрланған жылқыны тәркіледі.

Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде және барлық мән-жай анықталады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді