Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қызылордада 150 отбасы қоныстойын тойлады

Қызылордада 150 отбасы қоныстойын тойлады
Фото: primeminister.kz

Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова облыс орталығында пәтер кілттерін табыстау шарасына қатысты. Сырдарияның сол жағалауында 10 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, кезектегі 150 отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Вице-премьер пәтер кілтін алғандарды құттықтап, азаматтарға жайлы жағдай жасау мәселесі Мемлекет басшысының тұрақты назарында екенін жеткізді.

«Халықтың әл-ауқатын арттыру, жайлы өмір сүруіне жағдай жасау – мемлекетіміздің ең басты стратегиялық міндеті. Бүгінде елімізде тұрғын үй мәселесін шешудің сатып алу, банктердің ипотека бағдарламалары, мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана алу секілді әр түрлі жолдары қалыптасты. Жыл басынан бері еліміз бойынша 7,5 млн-ға жуық шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін көрсеткішті 18 млн-ға жеткізу көзделген. Бұл – мыңдаған отбасының баспана мәселесін шешуге мүмкіндік береді», — деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

Аймақ басшы Нұрлыбек Нәлібаев әкімдік бұл бағыттағы жұмысты ары қарай да жалғастыратын болады деп сендірді.  

Пәтер алғандар арасында Гүлсезім Убайділдә да бар. Жолдасымен «жетімдер» санатында кезекте тұрған. Енді екі баланың анасы екі бөлмелі пәтердің иесі атанып отыр.

«Өз баспанаң болғанға не жетсін! Бүгінге дейін туыстардың үйінде де тұрдық, пәтер де жалдадық. Енді міне, өзіміздің баспанамыз бар. Өте қуаныштымыз. Қолдау білдірген азаматтарға алғыс айтамын», — деді ол.

Баспаналардың құрылысына республикалық бюджеттен 8,5 млрд теңге бөлінген болатын.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді