Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мәжілісте инфрақұрылымды дамыту бағытындағы Үкімет жұмысы қарастырылды

Мәжілісте инфрақұрылымды дамыту бағытындағы Үкімет жұмысы қарастырылды
Фото: primeminister.kz

Биыл кемінде 18 млн шаршы метр тұрғын үй салу көзделген. Отбасы банкінің жаңа жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалары іске қосылды. «Отау» және «Наурыз» жаңа бағдарламалары бойынша 64 мың адамнан өтінімдер қабылданды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында сөз алған вице-премьер халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын қолдау үшін жалға берілетін тұрғын үй құрылысына 272 млрд теңге бөлінгенін жеткізді.

«Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда берген тапсырмаларына сәйкес, инфрақұрылымдық жобалар іске асуда. 12 мың шақырымнан астам автожол салу, реконструкциялау және жөндеу, жаңа газ желілерін өткізу есебінен 300 мың халқы бар 87 елді мекенді газдандыру жоспарлануда. Сондай-ақ 13 арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілетін болады. «Ауыл – ел бесігі» жобасына 180 млрд теңге қарастырылды. Оның аясында 1,4 мың жоба жүзеге асырылып, 500 ауылдық елді мекен қамтылатын болады», — деді Тамара Дүйсенова.

Вице-премьер отандық өндірушілерді қолдау Үкіметтің басты назарында екеніне мән берді. Осы ретте қабылданып жатқан нақты шаралар туралы да айтып өтті. Мәселен, ұлттық режимнен алып тастау тізбесі 4 есе кеңейтілді. Егер жыл басында ол 1 мыңға жуық тауардан тұрса, қазір саны 4 мыңнан асқан. Демек, қандай да бір мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланса, оған тек отандық компаниялар қатыса алады. Сондай-ақ оффтейк келісімшарттар бағыты қолға алынды. Жыл басынан бері отандық өндірушілермен 14 млрд теңгеге келісімшарт жасалған. 

Сонымен қатар вице-премьер жылыту маусымына дайындық шаралары туралы сөз қозғады. Тозығы жеткен нысандарда ақаулар болғанымен, жалпы алғанда өткен маусым тұрақты, күрделі апатсыз өткенін атап өтті.

«Біз сырттан 2 мың МВт жуық электр энергиясын сатып аламыз. Бұл, әрине, өте көп. Осыған байланысты жаңа энергия көздерін тезірек салу қажеттілігі туындайды. Қазір Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында үш ЖЭО және ГРЭС-2 нысанындағы үшінші, төртінші энергия блогын салу туралы келісімге қол қойылды», — деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі