Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

“Қарасора” операциясы: ІІМ заңсыз айналымнан 8,5 тоннадан астам есірткі тәркіледі

“Қарасора” операциясы: ІІМ заңсыз айналымнан 8,5 тоннадан астам есірткі тәркіледі
Фото: бейне скриншот

1 маусымнан бастап республика аумағында “Қарасора” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Ол есірткіні өсіруге, дайындауға және өткізуге қарсы бағытталған, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

– Екі айда полицейлер 678 есірткі қылмысын анықтады, оның ішінде 299 өткізу фактісі, аса ірі мөлшерде есірткіні сақтаудың 126 фактісі, есірткіні тұтыну үшін притонды ұстаудың 2 фактісі.

Заңсыз айналымнан 8,5 тоннадан астам есірткі, оның ішінде 67 кг героин, 1 тонна 175 кг марихуана, 94 кг гашиш және 23,7 кг синтетика тәркіленді, – деп хабарлады ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті.

25 қатысушыдан құралған үш ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі жойылды, олардың екеуі – шетел азаматтары. Олардан синтетикалық есірткі өндіруге арналған 72 тоннаға жуық түрлі прекурсор, зертханалық жабдықтар салынған 7 қорап, 40 кг марихуана және 4 кг гашиш тәркіленді.

Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында арнайы операция барысында құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсірудің 183 фактісі анықталды.

Қарасора плантацияларын анықтау үшін Ұлттық ұланның тікұшақтары мен Қорғаныс министрлігінің дрондары қолданылып жатыр.

Олардың көмегімен 4 есірткі плантациясы анықталды. Онда қылмыскерлер құрамында тетрагидроканнабинолдың мөлшері жоғары марихуана жасайтын 8 мыңға жуық “үнді қарасорасының” бұталарын өсірген.

Елдің солтүстік өңірі де бақылаусыз қалмады. Павлодар облысының полицейлері 67 кг героин мен 10 кг гашиш контрабандасының жолын кесті. Есірткіні шетел азаматы қарбызға жасырып өтпек болған.

4 есірткі зертханасы анықталды, 11 күдікті ұсталды, 2 тонна прекурсор және 22 кг дайын мефедрон тәркіленді.

“Қарасора” арнайы операциясы жалғасуда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді