Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Таразда 1,7 миллион теңге айыппұлы бар көлік жүргізушісі анықталды

Таразда 1,7 миллион теңге айыппұлы бар көлік жүргізушісі анықталды
Фото: polisia.kz

Таразда 1,7 миллион теңге айыппұлы бар көлік жүргізушісі анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыс орталығының аумағын патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері “Қорғау” жүйесінің көмегімен Жамбыл облысында бағыттама бойынша іздеудегі көк түсті Hyundai Elantra автокөлігін анықтады.

Аталмыш көлік құралының жүргізушісі жол ережесін қасақана бұзушы болып табылады және айыппұлдары бойынша үлкен берешегі бар.

Бұл автокөлікке 55 рет жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін 1 миллион 696 706 теңге көлемінде айыппұл салынған. Оның басым бөлігі жылдамдық режимін бұзғаны үшін берілген.

Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.

“Қорғау” мобильді қосымшасы жол қозғалысын автоматты қадағалау тиімділігін арттыру үшін енгізілді. Онда Ішкі істер министрлігінің аппараттық-бағдарламалық кешендері, мобильді қосымшалары біріктірілген, олардан мәліметтер полиция қызметкерлерінің планшеттеріне түседі.

Бұл нақты уақыт режимінде сақтандыру полисінсіз пайдаланылатын жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлері бар, бағыттама бойынша іздестірілгендер, соның ішінде айыппұл бойынша берешегі бар жол ережесін қасақана бұзушылар және т.б. анықтауға мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді