Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбылдық полицейлер 111 рет жол ережесін бұзған астаналық жүргізушіні ұстады

Жамбылдық полицейлер 111 рет жол ережесін бұзған астаналық жүргізушіні ұстады
Фото: polisia.kz

Жамбылдық полицейлер 111 рет жол ережесін бұзған астаналық жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері облыс орталығының аумағын патрульдеу кезінде Қорғау жүйесінің көмегімен Астана қаласынан бағыттама берілген Kia Rio автокөлігін анықтады.

Көлік жүргізушісі Астанада, Таразда және Қазақстанның басқа өңірлерінде 111 рет жол қозғалысы ережелерінің талаптарын бұзып, барлығы 2,5 миллион теңгеден астам сомада айыппұлы болған. Көбінесе жылдамдық режимін асырғаны үшін аппараттық-бағдарламалық кешендер мен камераларға түскен.

Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Қорғау мобильді қосымшасы жол қозғалысын автоматты түрде қадағалау тиімділігін арттыру мақсатында енгізілді. Онда ішкі істер министрлігінің аппараттық-бағдарламалық кешендері, мобильді қосымшалары біріктірілген, ондағы мәліметтер полиция қызметкерлерінің планшеттеріне түседі.

Бұл нақты уақыт режимінде сақтандыру полисінсіз пайдаланылатын жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерін, бағыттамалар бойынша іздестірілетін көліктер, соның ішінде айыппұл бойынша берешегі бар жол ережесін қасақана бұзушыларды және тағы басқа бұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді