Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Елдік рухым – домбыра»: Астанада бір сәтте 400 домбырашы бірге күй шертті

«Елдік рухым – домбыра»: Астанада бір сәтте 400 домбырашы бірге күй шертті
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанадағы Орталық саябақта орналасқан «Амфитеатр» сахнасында «Елдік рухым – домбыра» атты гала-концерт өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астаналықтардың ыстық ықыласына бөленген кеш «Ұлттық домбыра күні» мерекесінің аясында ұйымдастырылды.Іс-шараның ұйымдастырушысы – Астана қаласының әкімдігі, «AMANAT» партиясы және партия жанындағы «Jastar ruhy» Жастар қанаты қоғамдық бірлестігі.Алғашқы рет ұйымдастырылып отырған ауқымды іс-шарада Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен құттықтау сөз сөйледі.

«Ерке Есілдің жағасында аталып өтіп отырған Домбыра күні ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан ұлттық құндылығымызды жас ұрпаққа паш ететінін айтып, «қара шанақты домбырамыз әр шаңырақты қоңыр үнімен қуанышқа бөлей берсін!» - деді қала әкімінің орынбасары.

Өз кезегінде қадірлі кеш қонағы ретінде шақырылған AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы, Мәдениет басқармасының басшысы лебіздерін білдірді.Ибрагим Ескендір және «Алтын домбыра» өнер мектебінің қатысуымен өткен гала-концертте 400 өнерпаз күй тартып, 1 200 көрермен концертті тамашалады. Домбырашылар алғашқы төрт күйді, яғни Құрманғазының күйі «Балбырауын», «Адай» және елімізге танымал «Еркесылқым», «Әке» толғауы сынды күйлерді бірге орындады.Айта кетейік, іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың шығармашылық қабілетін арттыра отырып, оларды отансүйгіштікке баулу, ұлттық құндылықтарды құрметтейтін, өресі биік ұрпақ тәрбиелеу.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты