Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада қала күніне орай «Асыл Мұра» концерті өтті

Астанада қала күніне орай «Асыл Мұра» концерті өтті
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астана күнін мерекелеу аясында Ұлттық домбыра күніне орай Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясында дәстүрлі ән орындаушылардың «Асыл Мұра» атты мерекелік концерті өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Арнайы елорда күніне орай ұйымдастырылып отырған бұл концерттің басты мақсаты – қазақ халқының ғасырлар бойы келе жатқан сазы мен сарыны бөлек әндерін орындап, ұмыт болып бара жатқан әуендерді ел жадында қайта жаңғырту.Мерекелік кеште Рамазан ­Стамғазиев, Айгүл Елшібаева, Елмұра Жаңаберген, Айгүл ­Қосанова, Ардақ Балажанова, Клара Төленбаева, Әлихан Дүйсенбай, Әйгерім Нартүйе, Перизат Тұрарова, Жақсыгелді Маясаров, Нұржан Мейірхан, Алуа Қалымбекова, Зинат ­Қасымова, Өзгеріс Шерікбай, Айдос Оңғарбай, Закирбек Дүйшөнбек (Қырғыстан) қатарлы елге танымал өнерпаздар ән айтып, көрерменнің алқауына бөленді.

«Астанамыздың туған күнін жыл сайын осындай мерекелік көңіл күймен қарсы аламыз. Бүгін қазақтың халық әндерін естіп, рухани серпіліп қалдық. Шын мәнінде біздің асыл мұрамыз да, байлығымыз да сол көнеден қалған ән-жырлар ғой. Онда бір бөлекше сарын бар. Қазақ халқының әндерінің әуенінде адамның көңіл күйін көтеріп, тыңдаған адамның жүрегін тыныштандыратын белгісіз бір құдірет жасырынып жатады», – дейді Астана қаласының тұрғыны Эльмира Думан.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады