Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада ұландықтар қыз баланың өмірін сақтап қалды

Астанада ұландықтар қыз баланың өмірін сақтап қалды
Фото: polisia.kz

Астанада ұландықтар қыз баланың өмірін сақтап қалды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға алдыңғы түні сағат 18:55 шамасында болды. Патрульдік қызмет барысында Ұлттық ұланның 5510 әскери бөлімінің әскери қызметшілері көпірден өзенге секірмек болған қызды құтқарды.

Астананың Алматы ауданында қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызмет атқару кезінде әскери жасақ бастығы Ризабек Төлеев пен патрульші қатардағы жауынгер Руслан Мусин Жедел басқару орталығынан Сарайшық көпірінің шетінде жас қыздың жылап тұрғаны туралы шұғыл ақпарат алады.

– Көпірден секіруге бет алған қызды көріп, тез арада жетіп бардық. Бізді байқаған бойжеткен “жақындасаңдар секіремін” деп қорқытты. Оны сөзге тартып, оңтайлы сәтте қауіпсіз жерге алып шықтық, – дейді ұландық сарбаз Ризабек Мерекеев.

Әскери қызметшілер жағдайға байланысты ойларын айта отырып, қызды диалогқа тартқан және ниетінен бас тартуға көндірмек болған. Сондай-ақ өтіп бара жатқан адамдар да қызды тыныштандыруға тырысқан. Осы сәтті пайдаланған ұландықтар мен тұрғындар оны қоршаудан алып шыққан. Ұландықтар жақын маңдағы полиция пункті арқылы оның жеке басын анықтап, Алматы ауданының полиция басқармасына жеткізді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі