Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордалық ұландықтар көпірден секіргісі келген жігітті тоқтатты

Нұр-Сұлтанда ұландықтар көпірден секірмек болған жігітті құтқарды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 3 желтоқсан күні кешкі сағат 21.30 шамасында орын алды. Патрульдік-бекеттік қызмет атқару барысында Ұлттық ұлан 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілері өз еркімен өмірімен қоштасқысы келген жігіттің әрекетіне тосқауыл қойды. Ер жігіт Есіл өзеніндегі көпірден секіргісі келген.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қызмет атқару барысында әскери жасақ бастығы қатардағы Хәкімжан Сарбасов және патрульшілер Максим Рюмина және Роланд Арапиевпен бірге өзен бойын жағалап келе жатып, Сарыарқа көшесіндегі көпірден “Өмір сүргім келмейді, өлгім келеді” деген жігіттің дауысын естиді.

– Көпірден секіргісі келген жігітті көріп, біз дереу оған қарай асықтық. Ер азамат “Radisson” қонақ үйінің қасындағы көпірде тұрды. Осы уақытта ол қоршаудың арғы жағына өтіп үлгерді. Жас жігіт көпірден секіріп, суицид жасағысы келді, – дейді ұландық жауынгер Хәкімжан Сарбасов.

Әскери қызметшілер азаматпен сөйлесіп, оны бұл ойынан бас тартуға шақырды. Осы сәтте өтіп бара жатқан басқа да тұрғындар азаматтың оқыс қылық жасамауын өтінді. Кейін ұтымды сәтті пайдалана отырып, әскерилер мен азаматтар қыл үстінде тұрған жігітті көпірдің арғы жағынан алып шықты. Бұдан соң оны жұбатып, әскери жасақтар бойынша кезекшіге тапсырды.

2003 жылғы азамат әрі қарай мән-жайды анықтау үшін Сарыарқа ауданының полиция басқармасына жеткізілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты