Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қостанайда ұландықтар болуы мүмкін қайғылы оқиғаның алдын алды

Қостанайда ұландықтар болуы мүмкін қайғылы оқиғаның алдын алды
Фото: polisia.kz

Қостанайда ұландықтар болуы мүмкін қайғылы оқиғаның алдын алды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

4 маусым күні сағат 19:10 шамасында Ұлттық ұланның 6697 әскери бөлімі әскери полициясының аға анықтаушысы Әлімжан Рүстемов қызметтен үйіне келе жатып, Қобыланды батыр көшесі бойындағы үйдің маңына жиналған адамдарды байқайды. Көптің назары бесінші қабаттан секіргелі тұрған 13-14 жастағы қызда екен. Ұландық офицер уақыт жоғалтпай, бірден қыздың пәтеріне қарай жүгіріп барады. Секірудің алдын алу мақсатында, қызды алдау әрекеті арқылы құтқарып қалады.

— Секіруге бекінген қыз баланың пәтерін нақты білмесем де, жобамен тауып алармын деп жылдам жетіп бардым. Қасында қарт атасы бар екен. Дегенмен, қыздың ісінен мүлдем сөзге келіспеушілік барын байқап, алдарқата тұрып, тәуекелмен ұмтылдым, – дейді Әлімжан Рүстемов.

Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды. Қазіргі уақытта жасөспірім жақындарының қасында.

Дәл осы кеште сағат 20:10 кезінде жоғарыда аталған әскери бөлімнің маманы кіші сержант Ернар Айдарбек те қырағылық танытты. Ол Қостанай қаласы бойынша полиция департаментінде жедел басқару орталығында қызмет атқару барысында бақылау камераларынан Абай – Гоголь көшелері қиылысында жаяу жүргіншіні көлікпен қағып, оқиға орнынан қашып бара жатқан TAN автокөлігін байқайды. Нұсқаулық ережелеріне сай, әскери қызметші оқиғаны бірден полиция бекеттеріне баяндайды.

Шұғыл хабарламаның арқасында оқиға орнына жедел жеткен полицейлер тәртіп бұзушыны бірден қолға түсіреді. Аталмыш оқиға бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады