Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Таразда ұландықтар терезеден құлап кете жаздаған 8 жасар қызды құтқарып қалды

8 желтоқсан күні сағат 17:40 кезінде Ұлттық ұланның 5513 әскери бөлімінің сарбаздары Тараз қаласындағы 1 шағынауданға қарасты үйдің маңынан өтіп бара жатып, 5-қабаттағы пәтердің балконынан секіргелі тұрған қыз баланы көреді, , деп хабарлайды kazlenta.kz.

Әскери жасақ дереу рация арқылы кезекші офицермен байланысып, №1 полиция басқармасына хабар береді. Жасақ бастығы Ерден Ауған қасындағы патрульшілер Бекзат Қуаныш пен Насыр Нұрмұхамедов қыз баланы әңгімеге тартып, уақытты соза тұрады. Ұландықтар учаскелік полиция қызметкері келген бойда пәтер иесін анықтап, оқиға орнына секіргелі тұрған қыздың анасын шақыртады.

Үй иесімен бірге пәтерге кіріп, қайғылы жағдайдың алдын алады. Кейін белгілі болғандай, анасы қызды сыртынан құлыптап, азық-түлік алу үшін дүкенге кеткен екен. Ал қызы “мені тастап кетті” деп ойлап, қобалжығаннан терезеден секірмек болған.

Дер кезінде жедел көмек көрсеткені үшін Ұлттық ұлан жауынгерлеріне әйел шексіз алғысын білдірді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады