Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Әлихан Смайылов CNPC вице-президентімен кездесу өткізді

Әлихан Смайылов CNPC вице-президентімен кездесу өткізді
Фото: gov.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен CNPC компаниясының вице-президенті Хуан Юнчжан энергетика саласындағы жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Премьер-Министр CNPC – Қазақстанның энергетика саласындағы маңызды стратегиялық серіктестерінің бірі екенін және компанияның 25 жылдан астам елімізде табысты жұмыс істеп келе жатқанын атап өтті. 

«Біз мұнай-газ саласының барлық секторындағы ірі жобаларды бірлесе жүзеге асырған жылдар аралығында сенімді серіктестік қатынас орнаттық. Қазақстан үкіметі стратегиялық ынтымақтастығымызды әрі қарай да тереңдетуге ниетті», — деді Әлихан Смайылов. 


Өз кезегінде Хуан Юнчжан бұған дейін де бірқатар бірлескен жобалардың сәтті жүзеге асырылғанын, олардың басым бөлігі өзара тиімді ынтымақтастықтың үлгісі болып саналатынын атап өтіп, компания Қазақстан Республикасындағы қызметін кеңейтуге мүдделі екенін білдірді. 

«Қытай мен Қазақстан – тату көршілер. CNPC елдеріміз арасындағы екіжақты қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға үлес қосуға дайын», — деді Хуан Юнчжан. 

Кездесу барысында тараптар мұнай экспорты, Қазақстандағы CNPC жұмыскерлерінің еңбек жағдайын жақсарту, сондай-ақ басқа да бірқатар өзекті мәселелерді талқылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты