Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Баку мен Астана Әзірбайжан арқылы қазақстандық мұнай транзитін ұлғайту мүмкіндігін талқылауда

Баку мен Астана Әзірбайжан арқылы қазақстандық мұнай транзитін ұлғайту мүмкіндігін талқылауда
Фото: ҚР Энергетика министрлігі

Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев сейсенбіде өзінің әріптесі-Әзірбайжанның Энергетика министрі Парвиз Шахбазовпен кездесу өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Кездесу Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияның 20-шы отырысының қорытындысы бойынша өтті.

Кездесу барысында тараптар елдердің энергетика, қазақстандық мұнай транзиті, жаңартылатын энергия көздерінің ауқымды жобаларын іске асыру саласындағы ынтымақтастығына қатысты бірқатар мәселелерді талқылады.

Өздеріңіз білетіндей, 2022 жылдың қараша айында "ҚазМұнайГаз" (ҚМГ) және SOCAR компаниялары арасында Ақтау-Баку-Тбилиси-Джейхан бағыты бойынша мұнай транзиті туралы келісімге қол қойылды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша Ақтау портынан мұнай жөнелту Баку-Тбилиси-Джейхан бағытында 1 057 мың тоннаны құрады. 2024 жылға қазақстандық мұнайды БТД арқылы жылына 1,5 млн. тонна көлемінде жеткізу жоспарланған.

"Біздің Ұлттық компанияларымыздың алдына Қазақстанда өндірістің өсуін ескере отырып, мұнай жеткізу көлемін ұлғайту міндеті қойылды. Осыған байланысты, біз қазақстандық мұнайды жеткізу көлемін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз", - деп атап өтті кездесу барысында А.Сәтқалиев.

Энергетика министрлігінің басшылары Каспий теңізінің түбіне терең су кабелін төсеу арқылы Кавказ өңірі мен Орталық Азияның энергия жүйелерін қосуға бағытталған жобаны іске асыру бойынша алдағы жұмыстарды талқылады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді