Ср, 07 мамыр 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада есірткі жарнамасын бояу акциясы өтті

Елордада есірткі жарнамасын бояу акциясы өтті
Фото: Астана қ.әкімдігі

Елордада есірткі жарнамасын бояу акциясы өтті. Астанада өткен кезекті акция барысында полицейлер мен еріктілер есірткі жарнамасын бояды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Акцияға Сарыарқа ауданы әкімдігінің, Жастар саясаты мәселелері басқармасының, жергілікті полиция қызметі басқармасының, Қаланың есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мен «Астана жастары» ЖРО еріктілері және елордалық мәслихат депутаты Дэвид Лория қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараның негізгі мақсаты – есірткі қылмысының алдын алу, сондай-ақ тыйым салынған заттарға тәуелді елорда тұрғындарының санын азайту.

«Бұл жұмыс бізде тұрақты негізде жүргізілуде. Ауа райы жақсарғаннан кейін біз қаланың алаңдарына шығып, есірткі заттарының жарнамасын бояу жұмыстарын бастадық. Біз экологиялық акцияны ауа райы нашарлағанға дейін, осы жылдың қазан-қараша айларына дейін жалғастыруды жоспарлап отырмыз», - деді Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Самат Ибраев.

Акция 2024-2025 жылдарға арналған «Астана – есірткісіз қала» нашақорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу жөніндегі іс-шаралардың кешенді жоспарын, сондай-ақ Дүниежүзілік нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған айлықты орындау шеңберінде ұйымдастырылды.

«Акция есірткі сайттары мен есірткінің заңсыз айналымын насихаттайтын жазулар мен суреттерді жою мақсатында өткізіледі. Өскелең ұрпақ бұл әрекет қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды деп ойлап, есірткі сататын интернет-дүкендердің граффитиін, суреттерін, жапсырмаларын таратуға тартылуда. Алайда бұл әрекеттер қылмыстық құқық бұзушылық болып саналады», – деп ескертті Астана ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы, полиция полковнигі Сергей Ильиных.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді