Жс, 27 сәуір 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Есірткіге қарсы күрес: Астанада 5 айда 500-ден астам қылмыстық құқық бұзушылық анықталды

Есірткіге қарсы күрес: Астанада 5 айда 500-ден астам қылмыстық құқық бұзушылық анықталды
Фото: polisia.kz

2024 жылдың 5 айында Астана қаласы Полиция департаментінің бөлімшелері есірткіге қатысты 528 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды. Оның 173-і бойынша қылмыстық іс қозғалса, 132-сі есірткі сатумен айналысқан тұлғаларға қатысты болып отыр. Бұл туралы Астана қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция майоры Әлия Қибатқызы ӨКҚ брифингінде мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.


«2022-2024 жылдар аралығында елордада 9 есірткі зертханасының қызметі анықталып, жолы кесілді. Бүгінгі таңда Қазақстанда есірткі нарығында өсімдік тектес дәстүрлі препараттарды (марихуана, гашиш және т.б.) «синтетикалық» деп аталатын «дизайнерлік препараттармен» қарқынды ауыстыру белсенді үдерісі жүріп жатыр», - деді спикер.

Оның айтуынша, елордада синтетикалық есірткіге қатысты есірткі қылмысының 206 фактісі анықталды.

«Бұл жұмыста азаматтар белсенділік танытуда. Олардың мәліметі бойынша биыл дәрі-дәрмек сататын 50 веб-сайт бұғатталды, сонымен қатар граффитиді жарнамалайтын онлайн дәріхана дүкендері жойылды. Есірткі тұтынушылардың санын азайту мақсатында жасөспірімдер мен жастар арасында профилактикалық жұмыстары күшейтілуде. Полиция қызметкерлері әкімдікпен, басқа да мүдделі органдармен және ҮЕҰ-мен бірлесіп 214 профилактикалық іс-шара (акциялар, семинарлар, дәрістер, дөңгелек үстелдер, кездесулер, спорттық іс-шаралар, жарыстар) жүргізді», - деді полиция майоры.

«Есірткіге жол жоқ» тақырыбында қалалық және аудандық прокуратура өкілдерімен, Астана қаласының «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы еріктіліерімен кездесулер мен әңгімелер өткізілді. Елордада жоғары оқу орындарының студенттерімен де профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Есірткіге қарсы бағыттағы және психоактивті заттарды қолданудың салдары туралы фото және бейнематериалдарды көрсету, есірткі қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ақпаратпен таныстыру арқылы студенттермен кездесулер өткізілді», - деді Әлия Қибатқызы.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты