Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада еріктілер мен қоғам белсенділері жерасты өткелін жазулар мен суреттерден тазартты

Астанада еріктілер мен қоғам белсенділері жерасты өткелін жазулар мен суреттерден тазартты
Фото: Астана қ.әкімдігі

Елордада «Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» экологиялық іс-шара аясында «Тоқта, вандал!» акциясы өтті.
«Астана жастары» еріктілері Жастар саясаты мәселелері басқармасының қызметкерлерімен, Байқоңыр ауданы әкімінің аппаратымен, құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен және қоғам қайраткерлерімен бірлесіп, вандализмге қарсы акция өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Акцияға қатысушылар Республика даңғылындағы жерасты өткелінің, сондай-ақ жақын маңдағы үйлердің қабырғаларын жазулар мен суреттерден тазартты.Жастар-ресурстық орталығының маманы Сұлтан Өмірғалиевтің айтуынша, аталған іс-шара «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өткізілді.

«Біз астаналықтарды туған қаламыздыың патриоты болуға және акциямызға қолдау көрсетуге шақырамыз», — деді Сұлтан Өмірғалиев.

Акцияның негізгі мақсаты – қоғамдық мүліктің бүлінуіне жол бермеу, сондай-ақ азаматтардың санасы мен жауапкершілігін арттыру, вандализм мәселесіне қоғамның назарын аудару және осы құбылысқа қарсы күресте азаматтық қоғамды жандандыру.Айта кетейік, Астанада жыл басынан бері еріктілер, белсенділер, танымал спортшылар, қала тұрғындары қолдау білдірген «Тоқта, вандал» акциясы бойынша біршама жұмыстар атқарылуда. Акция аясында қалада күндізгі және түнгі рейдтер өткізіледі, тұрғындар арасында қоғамдық тәртіпті сақтау және қала мүлкіне ұқыпты қарау қажеттілігі туралы түсіндіру жүргізіліп келеді.Жыл басынан бері сот бөтеннің мүлкін қасақана сындырғаны, жалпы пайдалану орындарын ластағаны, ғимараттар мен тұрғын үй-жайларды бүлдіргені үшін 100-ге жуық адам жазаланды. Олардың бәрі жауапқа тартылды.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты