Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ЖКО жасап, қашпақ болды: Түркістан облысында полиция мас жүргізушіні камера арқылы 2 минутта тоқтатты

ЖКО жасап, қашпақ болды: Түркістан облысында полиция мас жүргізушіні камера арқылы 2 минутта тоқтатты
Фото: polisia.kz

Түркістан облысы ПД жедел басқару орталығының камерасы арқылы жол апатын жасап, оқиға орнынан бой тасаламақ болған жүргізуші дер кезінде анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Нақтырақ айтсақ, облыс орталығындағы С.Ерубаев пен Т.Нышанов көшесі қиылысында сағат 20:25 шамасында Оpel маркалы көлік Matiz-ды соғып, жол-көлік оқиғасы болған жерге тоқтамаған. Мұны камера бақылап отырған инспектор байқап қалып, қашып бара жатқан көлікті ұстау бойынша Түркістан қаласының патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама береді. Берілген ақпарат негізінде, сол аймаққа жақын полицейлер 2 минут ішінде аталған автокөлікті тоқтатып үлгерді.

Батальон қызметкерлері құқық бұзушы жүргізушіден мән-жайды сұрап, құжаттарын тексеру барысында, оның ішімдік ішіп, масаң халде көлік тізгіндегенін анықтады.

Ер адамға жол-көлік оқиғасы орнынан кетіп қалғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Ал автокөлікті мас күйде басқарғаны үшін жинақталған материалдар әкімшілік сотқа жолданды.

Айта кетсек, жедел басқару орталығының инспекторлары Түркістан қаласы бойынша қоғамдық орындарға қойылған бейнебақылау камералары арқылы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, зерделеу жұмыстарын үздіксіз атқарып жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты