Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Оқиға орнынан бой тасалаған жүргізуші ұсталды

Түркістан облысының полицейлері жол апатын жасап, оқиға орнынан қашып кеткен Жамбыл облысының тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Түлкібас ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, кешкі уақытта інісін көлік қағып кеткені бойынша хабарлайды. Оқиға орнына бірден полиция қызметкерлері аттанады. Олар белгісіз көліктің жүргізушісі жолды кесіп өтпек болған тұрғынды қағып, содан соң оқиға орнынан қашып кеткенін анықтайды. Жедел жәрдем келіп жаяу жүргіншіні ауруханаға алып кеткенімен, ер азамат алған жарақаттарының салдарынан жансақтау бөлімінде көз жұмған.  <!--more-->Аталған жайт Түлкібас аудандық полиция бөлімінде ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігімен (Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы), 347-баптың 1-бөлігі (Жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу) бойынша тіркеуге алынды. Жол-көлік оқиғасына қатысы бар жасырынған жүргізушіні жедел түрде ұстау мақсатында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен іздестіру шаралары жүргізілді. Тексеру жұмыстары кезінде оқиға орнынан көліктің сынық қалдықтары алынды. Табылған айғақты заттардың жол көлік оқиғасын жасаған көлікке тиесілі және күдіктінің Жамбыл облысының жергілікті тұрғыны екені белгілі болды. Осылайша тәртіп сақшылары көп ұзамай кінәлі жүргізушінің мекенжайын анықтап, оны ұстап, бөлімге жеткізді.


Бүгінгі таңда күдікті бас шарасы ешқайда кетпеу туралы қолхатта. Тексеру барысында анықталғандай күдікті өзінің “Toyota” маркалы көлігімен демалыс орнынан қайтып келе жатып, жаяу жүргіншіні қағып кеткен.


Жасаған ісінен үрейленіп, оқиға орнынан қашып, өзінің тұрғылықты мекенжайы Жамбыл облысына жасырынған. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды. Тәртіп сақшылары болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.


Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері, жол қозғалысына қатысушыларға абай болу мен жол қауіпсіздігі ережесін бұзбау керектігін ескертеді. Оған қоса жылдамдықты асырмауға, қашықтықты сақтауға, жол-көлік оқиғасы болған жағдайда оқиға орнынан кетпеуге кеңес береді.


Ал жаяу жүргіншілерге айтар болсақ, кез-келген жерден жолды кесіп өтуге тыйым салынған. Сондықтан тек арнайы белгіленген орындардан ғана қауіпсіздік ережелерін ұстана отырып өткен жөн болмақ.


Егер де сіз жол-көлік оқиғасының қатысушысы немесе куәгері болсаңыз, тез арада “102” телефонына хабарласыңыз. Бұл өз мерзімінде күдіктіні ізін суытпай ұстау үшін себеп болмақ.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді