Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«СТ ЭСЭМБЛИ» ЖШС Петропавлда CLAAS және HORSCH ауыл шаруашылығы техникасының өндірісін кеңейтуде

«СТ ЭСЭМБЛИ» ЖШС Петропавлда CLAAS және HORSCH ауыл шаруашылығы техникасының өндірісін кеңейтуде
Фото: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

«СТ ЭСЭМБЛИ» ЖШС бірлескен кәсіпорны Петропавлда CLAAS және HORSCH брендтерінің ауыл шаруашылығы  техникасының өндірісін дамытуда. 2024 жылы кәсіпорын жылына 500 машинаға дейін CLAAS тракторларының ірі түйінді құрастыру желісін іске қосты, сонымен қатар CERIO, VARIO және CONVIO модельдерінің CLAAS дестелегіштерін сериялық шығарылымын бастады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


CLAAS жоғары стандарттарына сәйкес келетін көп деңгейлі бақылауды енгізудің арқасында өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз етеді. Кәсіпорында әрбір техника барлық жүйелердің құрастыру сапасы мен жұмыс істеуін кезең-кезеңімен тексеруден өтетін сынақ камерасы құрылды.

«СТ ЭСЭМБЛИ» ЖШС жергілікті жеткізушілермен белсенді жұмыс істейді, бұл Қазақстанда толыққанды өндірістік кешен құруға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, қазақстандық кәсіпорындармен CLAAS тракторлары мен дестелегіштерге арналған жиынтықтауыштарды жеткізуге шарттар жасалды.

Өндірісті дамыту бойынша бірлесе атқарған жұмыс  қазақстандық аграршыларды заманауи, тиімді және сенімді ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді