Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шетелдік азамат синтетикалық есірткі таратқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Шетелдік азамат синтетикалық есірткі таратқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды
Фото: polisia.kz

Шетелдік азамат синтетикалық есірткі таратқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Маусым айында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Өзбекстанның 25 жастағы азаматын анықтап, ұстады. Жеке тінту барысында ұсталғаннан жалпы салмағы 4,88 грамм мефедрон есірткі заты салынған 11 бумасы табылып, тәркіленді.

Көлік полицейлері оның есірткіні жасырып қойып кетуші болып жұмыс істегенін, Telegram-чаттағы топ басшысынан есірткі заттары жасырылған жердің координаттарын алып, оларды ары қарай Ақтөбе қаласы бойынша таратып жүргенін анықтады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР Қылмыстық Кодексінің 297-бабы (Аса ірі мөлшерде есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз сақтау, тасымалдау) бойынша жүргізілді.

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Өзбекстан Республикасының азаматы қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады