Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағанды облысының тұрғыны синтетикалық есірткіні сақтағаны үшін 3 жылға сотталды

Қарағанды облысының тұрғыны синтетикалық есірткіні сақтағаны үшін 3 жылға сотталды
Фото: polisia.kz

Қарағанды облысының тұрғыны синтетикалық есірткіні сақтағаны үшін 3 жылға сотталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қаңтар айында көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері Қарағанды-Жолаушылар станциясындағы теміржол бойындағы гараж алабында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында есірткі заттарын сақтады деген күдікпен Қарағанды қаласының 42 жастағы тұрғынын ұстады. Бұл туралы көліктегі ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Фараби Елубаев айтты.

Оның айтуынша, жеке тінту барысында ұсталған адамнан мефедрон синтетикалық есірткі заты табылып, тәркіленді.

– Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Ақпанда Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының үкімімен қаскүнем 3 жылға бас бостандығынан айырылды, – Фараби Елубаев.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері еліміздің көлік полицейлері 70 есірткі құқық бұзушылығын анықтады, оның ішінде төрт өткізу фактісі, жеті аса ірі мөлшерде сақтау дерегі болды. Заңсыз айналымнан 25 келіден астам түрлі есірткі заттары тәркіленді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді