Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Орал тұрғыны есірткі сақтағаны үшін 3,6 жылға сотталды

Орал тұрғыны есірткі сақтағаны үшін 3,6 жылға сотталды
Фото: polisia.kz

Орал тұрғыны синтетикалық есірткіні сақтағаны үшін 3,6 жылға сотталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

2023 жылдың жазында Орал станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Локомотив депосы ауданында Орал қаласының 34 жастағы тұрғынын ұстады. Жеке тінту барысында ұсталғаннан есірткі заты табылып, тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат жалпы салмағы 1,07 грамм болатын Альфа-PVP синтетикалық есірткі заты болып шықты. Бұл қолданыстағы заңнамаға сәйкес аса ірі мөлшерге жатады.

Сотқа дейінгі тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігі бойынша жүргізілді.
Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қаскүнемге 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы еліміздің көлік полицейлері 403 есірткі құқық бұзушылығын анықтады, оның ішінде 33 өткізу фактісі, 22 аса ірі көлемде сақтау фактісі. Заңсыз айналымнан 428 келіден астам түрлі есірткі құралдары тәркіленді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді