Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанның бастамасымен ЕАЭО-ның екі техрегламенті жетілдірілді

Қазақстанның бастамасымен ЕАЭО-ның екі техрегламенті жетілдірілді
Фото: primeminister.kz

22 сәуірде онлайн режимде өткен Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің кезекті отырысында Кеден одағының «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» және «Тамақ өнімдерін таңбалау бөлігінде» атты екі техникалық регламентіне қазақстандық тарап бастамашылық еткен өзгерістер бірауыздан қабылданды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Жаңа өзгерістерге қазақстандық бизнестен келіп түскен көптеген өтініш бастама болды. Атап айтқанда, өндірушінің мекенжайының атауы өзгеріп, ал нақты орналасқан жері өзгермеген жағдайда (мысалы, қаланың, көшенің атауы өзгергенде және т.б.), ЕАЭО-ның қолданыстағы техникалық регламенттерінде бұрынғы мекенжаймен өнімді айналымға шығару мүмкіндігі қарастырылмаған еді.

Енді енгізілген өзгерістер бойынша қаптамадағы тамақ өнімдерін өндіруші ұйымның немесе кәсіпкердің нақты орналасқан жері емес, мекенжай атауы ғана ауысқан жағдайда 36 айға дейін өзгертпеуге болады. Сондай-ақ бұл жаңалықтарды тұтынушыға жеткізу жолын айқындайтын құжаттарға өзгерістер енгізілді.

Бұдан бөлек, ЕЭК Кеңесінің отырысында уақытша болу және кедендік баждар мен салықтарды төлеместен пайдалану мерзімдері мен шарттары және осы кедендік рәсімнің қолданылу мерзімдері айқындалған тауарлар санаттарының тізбесі оңтайландырылды. 

Сондай-ақ тіркеу құжаматтасын ветеринариялық дәрілік препараттардың алты санаты үшін ЕАЭО ережелерінің талаптарына сәйкес келтіру рәсімін жеңілдететін шешім қабылданды. Бұл ретте препараттар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағында өндірілуі және кемінде 5 жыл айналыста болуы тиіс.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты