Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Әзірбайжан екі ел арасында қатынайтын әуе рейстері санын арттыруға ниетті

2022 жылғы 9 наурызда Бакуде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Әзербайжанның Цифрлық даму және көлік министрлігінің өкілдері арасында кездесу өтті,  деп хабарлайды kazlenta.kz.

Кездесуде Ресей мен Украинадағы жағдайға байланысты Транскаспий халықаралық көлік бағытының (ТХКБ) биылғы тасымал көлемі, теміржол учаскелері және Каспий теңізі арқылы өткізу мүмкіндіктері талқыланды. Сонымен қатар, шекаралық өткізу бекеттері мен теңіз порттарының әлеуеті, қосымша жүк ағынын ТХКБ-ға бағдарлау үшін қолайлы жағдайлар жасау жайы сөз болды.

Сондай-ақ, жобаға қатысушылар арасында бірлескен кәсіпорын және аталған бағытты дамыту үшін Орта дәліз құру мәселесі қозғалды.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев отандық экспорттаушылардың жүктерін осы бағытқа бағдарлау жайына тоқталып, еліміз қазірдің өзінде экспортқа бағытталған жүктің 2 млн. тоннасын тасымалдауға дайын екенін атап өтті.

Бірлескен кәсіпорын құру арқылы тарифтерді белгілеу және жүктерді декларациялау мәселелерін шешуге, бірыңғай IT шешімдерді қолдануға және транзиттік жүктерді шоғырландыруға мүмкіндік береді.

Берік Камалиев сонымен қатар ТХКБ бағытында автокөлікпен жасалатын жүк тасымалдарын бірлесіп дамытуды ұсынды.

Кездесу қорытындысында тараптар транзитті дамыту жөніндегі жұмыс тобын құру жөнінде шешім қабылдады. Ол бірлескен кәсіпорын құрумен жедел айналысады.

Сонымен қатар, вице-министр Берік Камалиев Әзербайжан тарапына екі ел арасында қатынайтын әуе рейстері санын көбейту мәселесін қарастыруды ұсынып, Әзербайжанның Цифрлық даму және көлік министрі Рашад Нәбиев оған қолдау білдірді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді