Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

2023 жылы теміржол көлігімен транзиттік тасымалдау көлемі 25 млн тоннаға дейін өсті

2023 жылы теміржол көлігімен транзиттік тасымалдау көлемі 25 млн тоннаға дейін өсті
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Мемлекет басшысы елдің көлік әлеуетін дамытуға, оның ішінде транзиттік жүк ағындарын ұлғайтуға ерекше назар аударады. 2023 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша транзиттік тасымалдау көлемі 19%-ға ұлғайып, 24,8 млн тоннаны құрады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Контейнерлік транзиттің оң динамикасы сақталуда, бұл 1 млн 180 мың ЖФЭ құрайды.

Транзиттік ағындарды бөлу мәселелерінде Қазақстанның ұстанымын қолдау үшін инфрақұрылымды жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, Достық – Мойынты учаскесінде екінші жолдардың құрылысы жалғасуда, бұл учаскенің өткізу қабілетін 5 есеге арттырады.

Сондай-ақ биыл 3 ірі жаңа жобаны іске асыру басталды:

– «Дарбаза-Мақтаарал», бұл Орталық Азия елдері бағытындағы өткізу пунктерінің өткізу қабілетін жылына 10 млн тоннаға арттыруға мүмкіндік береді.

— «Алматы станциясын айналып өтуге арналған темір жол», бұл жүктерді жеткізу мерзімін 24 сағатқа қысқартуға мүмкіндік береді;

− Қытай бағытында қазақстандық инфрақұрылымның өткізу қабілетін жылына тағы 20 млн тоннаға арттыратын «Бақты – Аягөз» жаңа теміржол өткізу пункті.

Сонымен қатар 2023 жылы 133 жаңа локомотив (паркті 6% - ға жаңарту, тозу деңгейін 58% - дан 52% - ға дейін төмендету) және 275 жартылай вагон сатып алынды.

Жолаушылардың ыңғайлылығын арттыру үшін 856 жолаушылар вагоны сатып алынады, оның ішінде биыл 100 бірлік жеткізілді. Нәтижесінде көлік паркінің тозу деңгейі 47 пайыздан 45 пайызға дейін төмендеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады
Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті
Мемлекет басшысы Қазақстан-Сингапур бизнес форумында сөз сөйледі
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады