2020 жылғы 30 желтоқсан күні сағат 12-00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлер - А.Құспан, Ә.Әбсеметованың Іле ауданы, Ынтымақ ауылы, «Дольче Фарм» ЖШС қызметкерлерімен кездесуі өткізілді. Кездесуге сонымен бірге аудандық штаб мүшелері, облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер, «Дольче фарм» ЖШС қызметкерлері, БАҚ өкілдері, барлығы 30 адам қатысты.
Алғашқы сөз алған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер Құспан Айгүл Сайфоллақызы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, еліміздің сыртқы саясатындағы жұмыстар, пандемия кезіндегі қиындықтар, шетелдегі азаматтарымызға көмек беру, Бельгия сияқты мемлекетте сайлауға келмесе, айыппұл салатыны жайлы айтты. Қазіргі кездегі әлеуметтік желідегі келеңсіз жағдайлар ел тәуелсіздігіне нұқсан келтірмеуі керек екендігін айтты.
Келесі сөз кезегі ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер Әбсеметова Әлия Маратқызына берілді. Әлия Маратқызы 9 баланың анасы «Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарына тоқталды.
Облыс, аудан деңгейінде атқарылған ауқымды істер жайлы айтты. Кездесуде ауданның сайлауалды штаб мүшесі Р.Абилова ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері бойынша ақпараттар берді. Биылғы сайлау, үгіт-насихат жұмыстарының жаңа форматта өтуіне тоқталды. Алдағы 5 жылда атқарылатын жұмыстар, өзекті мәселелер партияның сайлауалды бағдарламасында нақты көрсетілгені жайлы айтты. «Дольче фарм» ЖШС қызметкерлері Ынтымақ ауылы, Мир көшесіне жөндеу жүргізу жайлы және Ынтымақ ауылында балалар ойын алаңын салу мәселесін көтерді.
Қойылған сұрақтар бойынша Ынтымақ ауылы, Мир көшесінде ұзындығы 1400 метр жөндеу жұмысы 2021 жылдың 2 тоқсанында жүргізілетіні және Ынтымақ ауылында балалар ойын алаңын салу бойынша жергілікті қоғамдастықпен келісіліп, тамыз айында балалар ойын алаңын салу жоспарланып отырғаны жайлы жауап берілді.
Жиын барысында «Дольче фарм» ЖШС қызметкерлері 10 қаңтар күні сайлау учаскесіне келіп, бірауыздан «Nur Otan» партиясына дауыс беретіндері жайлы айтты.
«Nur Otan» партиясы Алматы облысы Іле ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.