Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Финляндия: жалпы құны 32,5 млрд теңге болатын 11 жаңа өндіріс орнын іске қосу жоспарлануда

Қазақстан мен Финляндия: жалпы құны 32,5 млрд теңге болатын 11 жаңа өндіріс орнын іске қосу жоспарлануда
Фото: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Бұл туралы Қазақстан-Финляндия ХПК сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі 13-ші отырысында Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.

Кездесуге Қазақстан тарапынан ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, ҚР Финляндиядағы Елшісі Жанна Сартбаева, Көлік вице-министрі Талғат Ластаев, Финляндиядан – Сыртқы сауда министрі және Финляндияны дамыту Вилле Тавио, Финляндияның ҚР Елшісі Соили Мекелейнен-Буханист, Сыртқы істер министрлігінің сауда және ынтымақтастықты дамыту жөніндегі дипломатиялық кеңесшісі Микко Оутти қатысты.

Вице-министр Қазақстан мен Финляндия қатынастарының 2023 жылы 14,3 млн. құрайтын ағаш өңдеу өнеркәсібіндегі жетістіктерін атап өтті.

Сондай-ақ, Жаннат Дүбірова ағаш өңдеуге құйылған инвестиция көлемі 31%-ға өсіп, 3,3 млрд теңгеге жеткені туралы мәліметтермен бөлісті.

«2027 жылға қарай ағаш өңдеу өнеркәсібінде құны 32,5 млрд теңгені құрайтын 1400 жұмыс орны бар 11 жаңа өндіріс орнын іске қосу жоспарлануда», – деді вице-министр.

Мемлекет жаңа инвестициялық жобаларды іске қосуға, сондай-ақ қолданыстағыларын қолдауға бірқатар артықшылықтар, жеңілдіктер мен преференциялар ұсынады. Министрлік шикізатты тиімді пайдалана отырып, ағаш өңдеу өнеркәсібін одан әрі дамыту міндетін белгіледі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді