Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Токиода экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Жапония үкіметаралық комиссиясының 8-ші отырысы өтті

Токиода экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Жапония үкіметаралық комиссиясының 8-ші отырысы өтті
Фото: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Қазақстан-Жапония үкіметаралық комиссиясының 8-ші отырысы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Динара Щеглованың және Жапонияның Экономика, сауда және өнеркәсіп вице-министрі С.Хосактың төрағалығымен өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкіметаралық комиссия барысында елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастық, сондай-ақ жасыл трансформация, электр энергетикасы, ауыл шаруашылығы, көлік, логистика және минералдық ресурстар салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Вице-министр Д.Щеглова шарада сөйлеген сөзінде Жапония Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық және стратегиялық серіктестерінің бірі екенін атап өтті.

«Сирек металдарды өндіру және қайта өңдеу саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге деген ұмтылысымызды ерекше атап өткім келеді. Жапондық компанияларды қосылған құны жоғары өнім өндіруге бағытталған жобаларға қосылуға шақырамыз», - деді Динара Щеглова.

Сондай-ақ, үкіметаралық комиссия отырысы аясында сирек кездесетін металдар мәселелері бойынша тақырыптық сессия өтті, онда ҚР ӨҚМ Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаев сөз сөйледі. Оның айтуынша, Қазақстан жаңа жобаларды жүзеге асыруда ынтымақтастық үшін ашық. 

«Біздің еліміз айтарлықтай шикізат базасына ие бола отырып, “технологияға айырбастау үшін шикізат» қағидаты бойынша осы бағыттағы ынтымақтастыққа ашық», - деп атап өтті А.Панбаев.

Қазақстандық делегация құрамына орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың, даму институттарының және отандық бизнестің 100-ге жуық өкілі кірді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты