Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбе облысында ер адамнан “синтетиканың” 2 мыңға жуық бір реттік дозасы тәркіленді

Ақтөбе облысында ер адамнан “синтетиканың” 2 мыңға жуық бір реттік дозасы тәркіленді
Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысының полициясы синтетикалық есірткінің 2 мыңға жуық бір реттік дозасын сатудың жолын кесті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы ПД есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында 35 жастағы ақтөбелікті ұстады. Тергеу іс-қимылдарын жүргізу барысында ұсталған адамнан ұнтақ заты бар 126 байлам тәркіленді. Әрі қарай, қызметтік иттің көмегімен жалдамалы пәтерді тінту барысында полицейлер ұнтақ заты бар 10 zip-пакет тәркіледі.

Сараптама қорытындысына сәйкес алынған заттар мефедрон психотроптық заты болып шықты, жалпы салмағы 275 грамнан асады. Бұл 7 млн теңге сомасына 2 мыңға жуық бір реттік дозаны құрайды.

Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Осы баптың санкциясы үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді